Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 36/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы "Ортадересін ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 23/01 қаулысымен белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы "Ортадересін ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 3849 болып тіркелген, 2016 жылы 10 маусымда № 23 (7550) аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 17 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Қ.Нөкешке жүктелсін.
      Аудан әкімі С.М. Әбеуова

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ М. Құлымжанов

      " 05 " " тамыз" 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады