Ортадересін ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 маусымда № 3849 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 36/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 05.08.2016 № 36/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ортадересін ауылдық округінің аумағында ірі қара малдан пастереллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Қ. Нөкешке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Әбеуова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
______________ М. Кулымжанов

      03 маусым 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады