Шектеу іс-шараларын алу және Малайсары селолық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі "Май ауданы Малайсары ауылдық округінің "Арман" шаруа қожалығында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Малайсары селолық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 ұсынысы негізінде, Малайсары селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Май ауданы Малайсары ауылдық округінің Жаңасарай бөлімшесінде және Малайсары ауылдық округі Малайсары ауылының "Елубай" жайлауында орналасқан "Арман" шаруа қожалығының аумағында жылқы ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Малайсары селолық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі "Май ауданы Малайсары ауылдық округінің "Арман" шаруа қожалығында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 3 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылы 27 қазанда № 4769 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 4 5(8231) санында жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қараша айында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Селолық округінің әкімі С. Өмірбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады