Май ауданы Малайсары ауылдық округінің "Арман" шаруа қожалығында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май ауданы Малайсары селолық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 қазанда № 4769 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Малайсары селолық округі әкімінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Малайсары селолық округі әкімінің 13.01.2016 № 4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Малайсары селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Май ауданы Малайсары ауылдық округінің Жаңасарай бөлімшесінде және Малайсары ауылдық округі Малайсары ауылының "Елубай" жайлауында орналасқан "Арман" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Селолық округінің әкімі С. Өмірбеков
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринарлық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Май аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы Н. Жұмабаев
      2015 жылғы "25" қыркүйек
      "Май ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы Б. Жакупов
      2015 жылғы "25" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады