2022 жылға Үржар ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 442 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген) және № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 3 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      4. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының № 4 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      5. "Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Ә.Н.Сарбаеваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Үржар ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Үржар ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 08 қыркүйек
№ 442 қаулысына
№ 1 қосымша

2022 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыс-керлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орында-рының саны

1

"Б.Момышұлы атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

153

3

5

2

"С.Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151

3

5

3

"Абай атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

3

4

4

"І.Жансүгіров атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

2

2

5

"Ә.Найманбай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

107

3

3

6

"Жарбұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

2

2

7

"Науалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1

8

"Жүзағаш орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2

1

9

"Қаратал орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

10

"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

54

2

1

11

"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

12

"Қарақол орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

13

"Тұрсабеков атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

14

"Тұрағұл Қоныр атындағы орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

15

"Көкөзек орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

16

"Қарабұлақ орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

17

"Некрасовка орта мектеп-бақша" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1


Барлығы:

1353


32

  Үржар ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 08 қыркүйек
№ 442 қаулысына
№ 2 қосымша

2022 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Ярус" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

57

2 %

1

  Үржар ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 08 қыркүйек
№ 442 қаулысына
№ 3 қосымша

2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Алгабас" шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер "Калиев М".

54

2 %

1

  Үржар ауданының әкімдігінің
2021 жылғы 08 қыркүйек
№ 442 қаулысына
№ 4 қосымша

2022 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған, немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі

201

0,5 %

1

2

"Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі

55

2 %

1


Барлығы:

256


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады