Шектеу іс-шараларын алу және ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 "Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шараларын орнату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 қазандағы № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2022 жылғы 6 қазандағы №241 ұсынысы негізінде ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара мал табынынан құтырма ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық – санитарлық іс - шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне орнатылған шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Баскөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 "Абай облысы Бесқарағай ауданы Баскөл ауылдық округінің Қарағайлы ауылына қарасты "Котлаван" мал шаруашылық жайылым мекеніне шектеу іс-шараларын орнату туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Баскөл ауылдық округінің әкімі К. Бытебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады