Карантин белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 4-ш шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2023 жылғы 02 мамырдағы №14-02-12/295 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Үміткер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдарында және "Ержан" шаруа қожалығының аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфонгоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімінің 20.02.2024 № 2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Үміткер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Рамазанова К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады