Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 1-03/07 шешімі. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 1-03 /11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 28.08.2023 № 1-03/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына, Ақсу қаласы бас мемлекеттік ветеренариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 1 шілдедегі № 1-18/297 ұсынысына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында орналасқан "Балықты" айдау нүктесінде ұсақ қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс- шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рұстемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады