Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 130 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 08-02-02/15 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Рабат елді мекені М.Өзтүрік № 1-17 көшелерінің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 130 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі О.Қазыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады