Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2023 жылғы 27 қазандағы № 46 шешiмi. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2024 жылғы 4 қаңтарда № 01 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 04.01.2024 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 27 қазандағы № 08-02-07/330 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Төлеби ауданының, Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесі № 34 үйден иттің "құтыру" ауруына оң нәтиже бергеніне байланысты Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Туребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады