Карантин шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 3 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 9-21-21 ұсынысы негізінде Таң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасан ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің толық жүргізілуіне байланысты Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі "АгроЛидер Таң" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіндегі мал қора жай аулаларына, ауыл шаруашылық жануарларына (мүйізді ірі қара) белгіленген карантин шаралары тоқтатылсын.

      2. "Карантин шараларын белгілеу туралы" Таң ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 29 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округі әкімі К.Сейдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады