Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1210 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын (өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
      2) «Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 жыл; Рудничный су электр станциясы-2 салу – 2014 жыл)» жобасын (өтiнiш берушi – «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
      3) «CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары;
      4) «Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру» жобасын (өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысына   
қосымша        

Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға
арналған квота

Р/с

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота
(адам)

1

2

3

4

5

6

1

Балқаш жылу электр станциясын салу

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен кенті

2010 – 2018 ж.ж.

100

2

Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу (Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 ж; Рудничный су электр станциясы-2 салу – 2014 ж)

«Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Алматы облысы, Текелі қалалық әкімшілігі, Рудничный кенті

2009 – 2014 ж.ж.

9

3

CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі «Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру

«СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қостанай қаласы

2012 – 2014 ж.ж.

81

4

Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының автомобильдерін құрастыру

«СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Қостанай қаласы

2013 – 2014 ж.ж.

15

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен   
бекітілген      

«Балқаш жылу электр станциясын салу» жобасын іске асыру үшін
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
(өтініш беруші – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы)

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен   
бекітілген      

«Көксу өзенінде шағын су электр станциялары каскадын салу
(Рудничный су электр станциясы-1 салу – 2013 ж, Рудничный су
электр станциясы-2 салу – 2014 ж.)» жобасын іске асыру үшін
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
(өтiнiш берушi – «Датанг-ТТ-Энерджи» жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгi)

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкiлеттi органға жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және оны берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 «Кәсiптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      3) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiндегі қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берiлген, қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс өтілі жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзiндi не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердiгерлік және қосалқы мердiгерлік ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлер басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберіле алмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 12 қарашадағы
№ 1210 қаулысымен   
бекітілген      

«CKD (ұсақ тораптық) жинақтау әдісімен «Nomad» моделіндегі
«Ssang Yong» маркалы автомобильдер өндірісін құру» жобасын іске
асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
(өтініш беруші – «Сарыарқа АвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi

«Қазақстан Республикасы аумағында «Тойота» маркасының
автомобильдерін құрастыру» жобасын іске асыру үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттары
(өтініш беруші – «СарыарқаАвтоПром» жауапкершiлiгi шектеулi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады