Ауданда жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Күшін жойған

Меркі аудандық әкімиятының 2003 жылдың 27 мамырдағы № 111 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 7 шілдеде 1009 нөмерімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 09 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігінің 31.01.2017 № 09 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі. Орыс тіліндегі мәтіні жоқ болып табылады, мемлекеттік тілінде мәтінге қараңыз.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" № 2347 қаулысын орындау, халықтық және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен хабардарлығын жоғарлату мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын негізге ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданы әкімі жанындағы құқықтық насихат пен жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын және оның Ережесі бекітілсін.
      2. Меркі ауданы әкімі жанынан мемлекеттік қызметкерлерге арналған білім мектебі ашылсын.
      3. Құқықтық насихат пен жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің құрамын бекіту аудандық маслихатқа ұсынылсын.
      4. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 11 наурыздағы "Ауданда жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы" № 30 қаулысының, Жамбыл облыстық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты, күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Әмірбек Асықбекұлы Жампозовқа жүктелсін.
      Меркі ауданының Әкімі

  Аудан әкімиятының 2003 жылғы
27 мамыр "Ауданда жалпыға
бірдей құқықтық оқу жөніндегі
шаралар өткізу туралы" № 111
қаулысымен бекітілген.

Аудан Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1.1. Аудан Әкімі жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі мәтін бойынша Кеңес) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық насихат жөніндегі жұмыстарын үйлестіруші консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      1.2. Кеңес аудан Әкімі жанынан құрылады.
      1.3. Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес реттеледі.
      2. Кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері:
      2.1. Кеңес қызметінің мақсаттары:
      аудан Әкімі аппаратының қызметкерлерінің, аудандық ұйымдар басшыларының және азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарлату;
      тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарлату;
      мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру;
      еңбек қатынасында, шарт жасау және ондағы міндеттемелерді орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.
      2.2. Кеңестің міндеттері:
      кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі құқықтық тәрбие жұмысы және құқықтық насихаттың жағдайын зерделеу және олардың нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеу;
      оң тәжірибелерді тарату, құқықтық тәрбие жұмысының әдістемелік құралдарын дайындау, кәсіби-құқықтық дайындық және құқықтық тәрбиенің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
      3. Кеңес қызметінің түрлері:
      құқықтық білім "күндерін", "он күндігін", "айлығын" өткізу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқу және еңбек ұжымдарында құқықтық тақырыпқа арналған кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық білімді насихаттау;
      құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;
      жалпыға бірдей құқықтық оқу мен құқықтық тәрбие жұмысының ең үздік қойылымы мен ұйымдастырылуына конкурс әзірлеу және өткізу;
      құқықтық тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар дайындау және шығару;
      жастар арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және осы жұмысты үйлестіру.
      4. Кеңес жұмысын ұйымдастыру.
      4.1. Кеңес құрамы аудан әкімиятының қаулысымен үш жылға бекітіледі. Кеңесте төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелер болады. Кеңестің сандық құрамын аудан Әкімі белгілейді.
      4.2. Кеңес отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір реттен өткізіледі. Кеңес отырысына оның құрамының 3-тен 2-сі қатысса құқылы деп саналады.
      4.3. Мәжіліс қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылардың саны, күн тәртібі, мәжіліс барысы мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      4.4. Кеңес осы ережемен белгіленген шектерде, өз жұмысына құқық қорғау, сондай-ақ ведомствалық қарасты кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің басқа қызметкерлерін тартуға және оларға шешімдердің, жоспарлы іс-шаралардың атқарылуы жөнінде тапсырмалар беруге құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады