Отырар ауданында үй жануарларын ұстау Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандғы N 5/33-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 ақпанда N 14-9-51 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы мәслихатының 2010 жылғы 28 маусымдағы N 32/199-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы мәслихатының 2010.06.28 N 32/199-IV шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Отырар ауданында үй жануарларын ұстау Қағидасы бекітілсін. (қоса тіркелді).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     М. Әбдалі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә. Махатай

Отырар аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 5/33-ІV шешімімен бекітілген

       Отырар ауданында үй жануарларын ұстау Қағидасы

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 367 "Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген және үй жануарларын ұстау тәртібін белгілейді.

       1-таpay. Жалпы ережелер

      Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылған:
      1. Бірдейлендіру - ауыл шаруашылық жануарларын сырғалау, таңбалау және татуировкалау арқылы жеке бірдейлендіру нөмірін тасымалдаушыны (пластмасса биркалар, сырғалар, татуировкалайтын нөмерлер) берумен қатар паспорттауды жүргізу рәсімі;
      2. Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - Отырар
ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы;
      3. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;
      4. Ветеринариялық паспорт - жазылған мал иесі, малдың түрі, жынысы, түсі, жасы және ауруға қарсы егілген мағлұматтары бар, малдың ауырғаны, емделгені, қойылған диагноздары көрсетілген Мемлекеттік өкілетті органымен белгіленген түрде ветеринариялық құжат.

      2-тарау. Жеке және заңды тұлғалармен міндетті түрде орындалатын ветеринариялық іс-шаралар

      5. Бірдейлендіру нөмерін, ветеринариялық паспорт алу;
      6. Ветеринариялық инспекторлардың талабы бойынша малды
профилактикалық тексеруге, диагностикалық зерттеулерге, профилактикалық егуге ұсыну;
      7. Мал қораларында және аулаларында тұрақты механикалық тазарту жүргізу, көңді зарарсыздандыруға үю;
      8. Жануарлардың иелері мал тұратын қораларда санитариялық-гигиеналық шараларды жүргізуі тиіс (сапалы тазалау, дезинфекция, дератизация, дезинсекция);
      9. Жаңадан әкелінген малдарды диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық емдеу жүргізу мақсатында 30 күн бойы оқшаулап ұстау;
      10. Мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарда дайындау;
      11. Қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынасты болдырмау;
      12. Союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойылғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
      13. Малдың көңін, өлексесін және ауру малдың басқа да қалдықтарын залалсыздандыру;
      14. Клиникалық тексеру мен антирабиялық вакцинамен алдын-ала
сақтану егулерін жүргізу үшін ауданның бас мемлекеттік ветеринарлық
инспекторының ұсынуы бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген
мерзімдерде өздерінің иелігіндегі иттері мен мысықтарын ветеринариялық емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткізеді.

      3-тарау. Үй жануарлары иелерінің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

      15. Жеке және заңды тұлғалар:
      1) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өндеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық-санитариялық ережелер мен
нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
      2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарын сақтауға;
      3) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуге;
      4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
      5) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша
диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
      6) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;
      7) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
      8) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге.

      4-тарау. Ит пен мысықты ұстау тәртібі

      16. Рұқсат етіледі:
      1) қысқа қарғы бауымен және тұмылдырықпен иттерді қыдыртуға;
      2) жануарларды барлық көлік түрімен тасымалдауға егер жолаушыларға қысылым кедергі жасамаса.
      17. Тыйым салынады:
      1) қоғамдық жерлерде байлаусыз, тұмылдырықталмаған итпен жүруге және қыдыртуға;
      2) спорттық балалар алаңдарын, тротуарларды және парк аумақтарын жануарлардың ластауына.

      5-тарау. Ауыл шаруашылық үй жануарларын ұстау тәртібі.

      18. Ауыл шаруашылық үй жануарлары арнайы жабдықталған құрылымдарда ұсталуы тиіс.
      19. Қи, жем-шөп қалдықтары, басқа да қоқыстар арнайы белгіленген орындарға уақытында шығарылуы тиіс. Мал қоралары ай сайын ақталуға және дезинфекциядан өткізілуі тиіс.
      20. Көшелерде, парктерде және басқа да жалпы пайдаланатын жерлерде малды бағып шығаруға тыйым салынады.
      21. Жазғы жайылым мерзімінде малды селолық округтің әкімшілігі белгілеген жер телімдерінде ғана бағуға болады.
      22. Жалпы қоғамдық табынға тек дені сау, жоспарлы ветеринариялық тексерістерден өткен малды ғана қосуға болады.

      6-тарау. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      23. Осы Қағиданы бұзғаны үшін айыпты заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады