Ауданның ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалады бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 шілдедегі N 8/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 2 қыркүйекте N 13-12-76 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы N 13/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 28.06.2013 N 13/10 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Аграрлық-өнеркәсіптік кешен және селолық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 14-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу.
      2. 2001 жылғы 22 тамызының № 15/2 «Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» (2001 жылғы 23 қазанда № 37 «Нива» газетінде жарияланған, № 449 2001 жылғы 28 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.

      VІІІ сессиясының төрағасы
      аудандық мәслихаттың хатшысы                     А. Анненков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады