Мұратсай ауылдық округінің Мұратсай ауылында карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 196 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қазанда № 7-4-94 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 234 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 02.11.2009 № 234 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 9)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 628 ұсынысы негізінде, Мұратсай ауылдық округінің Мұратсай ауылында ірі қара малдардың қауіпті қарасан ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшалау және жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұратсай ауылдық округінің Мұратсай ауылында карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Мұратсай ауылдық округінің әкіміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының бастығына (келісім бойынша) бірлесе отырып шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринарлық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын қадағалап отыру аудан әкімінің орынбасары Е. Қ. Таңатовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Карин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады