Кентау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы № 15 "Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 19 наурыздағы N 208 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 сәуірде N 14-3-86 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 5 маусымдағы № 35 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қалалық мәслихатының 2012.06.05 № 35 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасы және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес қала әкімдігінің ұсынысын қарай келіп, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасын бекіту туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-3-48 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 17 қарашада "Кентау шұғыласы" газетінің 47 нөмірінде жарияланған) шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін:
      Кентау қаласының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларды, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау қағидасының 2 бөлімдегі 6-тармағының 5) тармақшасы "көшелерде итпен тек қысқа баумен, тұмылдырықпен алып жүру" деген жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      М. Тұрысбеков

      Қалалық мәслихатының хатшысы               Е. Аширов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады