"Жер салығының ставкалары туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 38-7 шешімі. Тараз қалалық Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 мамырда 6-1-128 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 29-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 14.03.2018 № 29-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) Кодексінің 386-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Жер салығының ставкалары туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-120 болып тіркелген, 2011 жылдың 26 қаңтарында №4 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақ "белгіленген" деген сөзден кейін "Тараз қаласы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Тараз қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге Салық кодексінің 381-бабында келтiрiлген кестенiң 3-бағанында белгiленген жер салығының базалық ставкасы он есеге ұлғайтылсын және барлық автотұрақтар (паркингтер) үшiн біркелкі санат белгіленсін.

      2. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихаттың Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Б. Нарбаев Ө. Байшығашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады