Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі "Қарқаралы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу мен ұстаудың Қағидасын бекіту туралы" N 23/243 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі XXXIX сессиясының N 39/386 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қазанда N 8-13-105 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы N 6/56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012.06.08 N 6/56 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 шілдедегі "Қарқаралы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағу мен ұстаудың Қағидасын бекіту туралы" N 23/243 шешіміне (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 2 қыркүйегінде N 8-13-87 болып тіркелген, аудандық "Қарқаралы" газетінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі N 77-78 (10889) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Қағиданың 1 тармағының екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау бюджет саясаты және экономика, аграрлық мәселе және экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р. Әлин) тапсырылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Б. Теміржанов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  О. Жүкібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады