Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округі Қараоба қыстағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 209 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 қазанда № 7-8-133 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 266 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011.11.11 № 266 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылы 29 наурыздағы № 207 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малынан құтыру ауруы пайда болуына байланысты, Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округі Қараоба қыстағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Казталов ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (келісім бойынша) ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 29 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.

      Аудан әкімінің м.а.              С. Молдашев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Казталов
      аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      _____________Малахов Арген Сәбитұлы
      23.09.2011 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      Казталов ауданы бойынша
      мемлекеттік cанитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы
      _____________Хайдаров Талғат Қалиханұлы
      23.09.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады