Шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызда № 3-4-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 02.04.2013 № 32 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 01 ақпандағы ұсынысының негізінде, Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Түйе малдарынан құтыру ауруының шығуына байланысты Қарауылкелді ауылдық округінің «Төрқұдық» елді мекенінде шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қарауылкелді ауылдық округінің бас мал дәрігері (Г.Садуова) міндетті ветеринарлық шараларын ұйымдастырып және жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Ізбағанбетке жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық
      округ әкімі                                Е.А. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады