Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі N 4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 04 қазанда N 2140 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Қайнар ауылдық округі әкімінің 06.11.2012 № 6 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2012 жылғы 07 мамырдағы N 9 ұсынысының негізінде, Қайнар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қайнар ауылдық округінде ұсақ малдар арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайнар ауылдық округінің мал дәрігері бас маманы Бижарасов Кулжабай Бижарасұлына жүктелсін.

      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қайнар ауылдық


округінің әкімі

С.Қ. Нусипов

КЕЛІСІЛДІ:


"Қазақстан Республикасы


Ауылшаруашылығы Министрлігі


ветеринариялық бақылау және


қадағалау комитетінің


Алакөл аудандық инспекциясы"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Кабаев Арман Маратұлы

10 қыркүйек 2012 жыл


Алакөл ауданы бойынша


"Мемлекеттік санитарлық-


эпидемиологиялық қадағалау


басқармасы" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

Шағайбаев Фурман Скендірұлы


      10 қыркүйек 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады