Качир ауданы ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек ұсыну туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 шілдедегі N 5/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 08 тамызда N 12-8-132 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі N 20/33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық мәслихатының 26.09.2014 N 20/33 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына, сәйкес Качир аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Качир ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына жылына бір рет екі тонна мөлшерінде көмір сатып алу үшін әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты жоспарлы-бюджеттік комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Е. Шаров

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады