2012 жылғы 23 тамыздағы № 7 "Жаңа тілек ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы N 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2815 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 25 қарашадағы N 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округі әкімінің 25.11.2013 N 8 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Жаңа тілек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 7 «Жаңа тілек ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2642 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 79 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      «Жаңа тілек ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы»;
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Жаңа тілек ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.»;
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Жаңа тілек ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 Е. Мұқажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады