Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № С-23/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қаңтарда № 3984 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 18.04.2017 № С-9/16 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Көкшетау қаласының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      23 кезекті сессияның төрағасы,
бесінші шақырылған Көкшетау
қалалық мәслихатының
хатшысы
Б.Бегалин

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Көкшетау қаласының әкімі Ж.Жұмағұлов
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлiгiнiң
Ақмола облысы бойынша
Салық Комитетiнiң
Көкшетау қаласы бойынша
Салық Департаментiнiң
Салық Басқармасы" мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
Қ.Батталов

  Көкшетау қалалық
мәслихатының
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ С-23/8 шешiмiне
қосымша

Салық салынатын объектiнiң бiрлiгiне айына бiрыңғай тiркелген салық ставкалары

№ р/р

Салық салу объектiсiнiң атауы

Айына тiркелген салық базалық ставкаларының мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiштерiнде)

1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4

2
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

5

3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2,5

4
Ойын жолы

40

5
Карт

5

6
Бильярд үстелi

9

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады