Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қыркүйекте № 3646 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 12.05.2015 № 4 шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тисінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 15 тамыздағы № 118 ұсынысы негізінде Әйке ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ірі қара малдары арасында жұқпалы бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Әйке ауылдық округінің Тереңсай ауылы аумағында шектеу іс шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 13.11.2014 № 25 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әйке ауылдық округінің әкімінің
міндетін атқарушы:
Н.Б. Алипбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады