Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылы аумағына шектеу іс - шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 7 тамыздағы № 39 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 тамызда № 1990 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-127 баптарына сәйкес және Байзақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 140 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Уақ малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Ботамойнақ ауылдық округінің Байзақ ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ботамойнақ ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Жұмабеков Өмірұзақ Зүкүрұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Ауылдық округ әкімі                        М. Қилыбаев

«КЕЛІСІЛДІ»:
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының басшысы
А. Төлепбергенов
7 тамыз 2013 жыл

"Жамбыл облыстық Ішкі істер
департаментінің Байзақ Аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Абдезов
7 тамыз 2013 жыл

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Төлтаев
7 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады