Шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі N 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 қазанда N 4526 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 05 желтоқсандағы N 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округі әкімінің 05.12.2014 N 40 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес Төңкеріс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шиелі ауданы, Төңкеріс ауылдық округінің, Шеген Қодаманов ауылында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төңкеріс ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы К. Мұсаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төңкеріс ауылдық округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы А. Қобланов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      министрлігінің Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Шиелі аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________ Ерғали Алпысбай Мұхамедқалиұлы
      "24" қыркүйек 2013 жыл.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
      министрлігі мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің
      Қызылорда облысы бойынша департаменті
      "Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының
      уақытша міндетін атқарушы
      __________ Садуақас Анафия Якудаұлы
      "24" қыркүйек 2013 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады