Еңбекші селолық округінің Еңбекші селосы Ленин көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші селолық округ әкімінің 2013 жылғы 10 маусымдағы N 01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 3568 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Еңбекші ауылдық округі әкімінің 29.12.2021 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы N 2-02/204 ұсынысы негізінде селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Железин ауданы Еңбекші селолық округі Еңбекші селосы Ленин көшесінің аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының құтыру ауруымен ауыру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.

      2. "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Железин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Железин ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ветеринарлық-санитарлық амандыққа жеткізу үшін анықталған эпизоотикалық ошақта қажетті іс-шараларды өткізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Еңбекші селолық округінің әкімі

Т. Жұмабеков



"КЕЛІСІЛДІ"


"Қазақстан Республикасы Ауыл


шаруашылығы министрлігі


Ветеринариялық бақылау және


қадағалау комитетінің Железин


аудандық аумақтық инспекциясы"


10 маусым 2013 жыл

М. Балина
 

"КЕЛІСІЛДІ"


"Қазақстан Республикасы Денсаулық


сақтау министрлігі мемлекеттік


санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау


Комитетінің Павлодар облысы бойынша


департаменті Железин ауданы бойынша


мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық


қадағалау басқармасы"


10 маусым 2013 жыл

Г. Жолдыбаева

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады