Тасшағыл ауылдық округінің аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 шілдеде № 2748 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылдық округі әкімінің 05.05.2014 № 3 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 118 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасшағыл ауылдық округінің аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруы ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын қадағалауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасшағыл ауылдық округінің
      әкімінің міндетін атқарушы                 Н. Жексенбиева

Келісілді:

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
"Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының бас дәрігері           С. Тайшыбай
15 шілде 2013 жыл

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің
Атырау облысы бойынша департаменті
Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы      А. Аймұратова

15 шілде 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады