Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 "Мәртөк ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 122 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда № 3901 болып тіркелді. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 100 "Мәртөк ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарына 2014 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3744, 2014 жылғы 6 ақпанда "Мәртөк тынысы" газетінің № 7-9 жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта 1 абзац жаңа редакцияда жазылсын "Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы:".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы М. Ермуханов
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады