Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 255 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 желтоқсанда № 3572 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 25.12.2014 № 299 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Бородулиха ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 21 қазандағы № 743 ұсынысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бородулиха ауданы Зубаир ауылдық округінің Зубаир ауылында ұсақ малдың арасында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Қадыровқа, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің Бородулиха аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Тоқтабаеваға тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. А. Нұрғожин
      Келісілді:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық Министрлігінің
      ветеринарлық бақылау және
      қадағалау комитеті Бородулиха
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Қадыров
      2014 жыл "28" қазан
      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқығын қорғау агенттігінің Шығыс Қазақстан
      облысы тұтынушылардың құқығын қорғау
      департаментінің Бородулиха аудандық
      тұтынушылардың құқығын қорғау
      басқармасы" РММ басшысы А. Тоқтабаева
      2014 жыл "28" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады