Күршім ауданының Боран ауылдық округінің Боран, Жиделі, Қазақстан ауылдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда N 3308 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 10.05.2017 № 01 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 228, 229, 230 ұсыныстары негізінде, Боран ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Боран ауылдық округінің Боран, Жиделі, Қазақстан ауылдарында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Күршім ауданы әкімдігінің шараушылық жүргізу құқығындағы "Күршім мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының Боран ауылдық округінің мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі Қ.Карменовке осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Боран ауылдық
      округі әкімі М. Ағиеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Күршім ауданы әкімдігінің шараушылық
      жүргізу құқығындағы "Күршім мал дәрігері"
      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның
      директоры Қ. Ибраев

      " 29 " 04 2014 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады