Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 3390 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің 23.11.2015 № 5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 мамырдағы № 174 ұсынысының негізінде Алмасай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Алмасай ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі А. Аубакировқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Алмасай ауылдық округінің әкімі Н. Дутбаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады