Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 04 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 маусымда № 4520 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 12 мамырдағы №2-19/102 ұсынысына сәйкес Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына ауыл шаруашылық малдардың сарып ауруының ошағы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын, шара қолдануды ұсынылсын.
      3. Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің ветеринариялық пунктің меңгерушісі (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Қ. Әмиев
      КЕЛІСІЛДІ
       "Баянауыл ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Н. Т. Дәулетов
      _____________________________________
      "15" мамыр 2015 жылғы
      Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Баянауыл аудандық
      аумақтық инспекциясының басшысы, ауданың бас
      мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы
      Р. Нұрғалиев
      ____________________________________
      "15" мамыр 2015 жылғы
       "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің Павлодар облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Баянауыл аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесі басшысы
      Т. Н. Ишанова
      _____________________________________
      "15" мамыр 2015 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады