Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне шектеулі іс-шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 06 қазандағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 4764 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 05.01.2016 № 2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7-тармақшасына, Ертіс ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 2-19/300 ұсынысына сәйкес, малдың құтыруын алдын алу және жою мақсатында, Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдады:
      1. Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Панфилов ауылындағы Мүткенов атындағы көшесіне үй жануарының құтыруына байланысты шектеулі іс-шаралар белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ертіс аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (келісім бойынша) және "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша) Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі Панфилов ауылында Мүткенов атындағы көшесінде:
      1) малдардың құтыру ауруының алдын алу және жою іс-шараларын өткізсін;
      2) шектеулі шаралар алынғанша дейін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 814 "Ветеринарлық (ветеринарлық–санитарлық) қағидаларды бекіту туралы" қаулысына сәйкес қажетті шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі А. Кәрібаев
      КЕЛІСІЛДІ
      Ертіс ауданының ветеринария
      бөлімінің басшысы Ж. Усаханов
      2015 ж. "06" қазан
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      Министрлігінің Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Ертіс
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Е. Кәрімжанов
      2015 ж. "06" қазан
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика
      министірлігі Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      комитетінің Павлодар
      облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      департаменті Ертіс
      аудандық тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау
      басқармасының басшысы З. Дюсенова
      2015 ж. "06" қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады