Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 155 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда N 3255 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 08 шілдедегі N 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 08.07.2016 N 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1- бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2015 жылғы 05 мамырдағы № 16-11/74-1 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімінің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысының
Уәлиханов ауданы
Ақбұлақ ауылдық округінің
әкімі
М.Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады