Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3837 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Занының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шараларын аяктаулы туралы" 2016 жылғы 1 шілдедегі № 16-11/194 ұсынысы негізінде, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
       1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында ірі қара малға бруцеллезі бойынша шектеу шараларын аяктау туралы.
       2. 2015 жылғы 8 мамырдағы № 155 "Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында ірі қара малға бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің шешімі күшін жойылсын (2015 жылғы 20 мамырдағы № 3255 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымдағы № 25 "Кызылту", 2016 жылғы 4 қаңтардағы № 1 "Кызылту" газеттерінде жарияланған).
       3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
       4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Ақбұлақ ауылдық округінің
әкімі
М.С.Дүйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады