Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 14 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда N 3683 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 144 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. 
      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 - бабының 3) тармақшасына және 14 - бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 19 қарашадағы № 03/801 ұсынымы негізінде, карантин нысаны - жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar L. (аsian rase) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жұпсыз жібек көбелегімен (Lymantria dispar L. (аsian rase) зақымданған алаңдар көлемінде карантин аймағы белгіленсін, оның ішінде:
      1) Күршім ауылдық округі Күршім ауылының аумағында - 5 гектар;
      2) Маралды ауылдық округі Маралды ауылының аумағында - 1 гектар.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А. Ш. Жақыпбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Күршім ауданының әкімі (А. С. Сейітов), Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Д. М. Селиханов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіп кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Шығыс Қазақстан облыстық
      аумақтық инспекциясының басшысы А. Жақыпбаев

      2015 жылғы " 28 " 01

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады