Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4111 болып тіркелді. Күші жойылды-Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 26.08.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2- тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1- бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 150 ұсынысы негізінде Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ірі қара малдардан құтырма ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е. Тендыске осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерназар ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Марзатаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады