Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1 "Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Бесқарағай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 11 тамыздағы № 217 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде ірі қара малдардын құтырма ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ерназар ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 1 "Бесқарағай ауданының Ерназар ауылдық округінің "Ринат" шаруа қожалығындағы "Балапан" жазғы мал шаруашылығы нүктесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4111 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерназар ауылдық округінің әкімі Г. Асылгожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады