Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округiнiң "Тоғжан" қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 09 шілдедегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4110 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің 01.09.2022 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 237 ұсынысы негізінде, Қызыл кесік ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1.Тарбағатай ауданының Қызыл кесік ауылдық округiнiң "Тоғжан" қыстағында жылқы малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
      2."Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кызыл кесік ауылдық округінің әкiмi М. Сахариев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Министрлігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық
аумақтық инспекциясы" М.М. басшысы
"09" шілде 2015 жыл
Б. Қажыкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады