Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 3946 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі әкімінің 18.08.2015 № 10 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2015 жылғы 10 шілдедегі № 220 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округінің Первомай ауылы аумағында ұсақ мал арасында шешек ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі С. Ж. Алманбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады