Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 15 қыркүйекте № 3954 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің 12.12.2016 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 3 ұсынысының негізінде Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Абдумуслимова Хажер Ахятовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жолбарыс батыр
      ауылдық округінің әкімі С. Андасбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады