Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылының № 1 табынына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 13 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 2 желтоқсанда № 4026 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің 19.01.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 5 ұсынысының негізінде, Тастөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылының № 1 табынына, мүйізді ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты, карантин белгіленсін.
      2. "Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Солтанкулова Камила Мухаевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Тастөбе ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы А. Байгунысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады