Пикет елді мекенінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданы Красная поляна ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3633 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Красная поляна ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Пикет елді мекенінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Н. Токушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады