Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 1-03/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 5102 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 тамыздағы N 1-03/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 05.08.2016 N 1-03/4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Лебяжі ауданының Шарбақты ауылдық округі Шарбақты ауылының "Святілғазы" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Т. Қасенов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      Шаруашылығы Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      Қадағалау Комитетінің Лебяжі аудандық
      Аумақтық инспекциясының басшысы Ғ. Сагалов
      2016 жылғы "20" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады