Лозов ауылдық округі Екатеринославка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 5070 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Лозов ауылдық округі әкімінің 12.07.2016 N 2 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Успен ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Лозов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ет қоректілер құтырмасы ауруының анықталуына байланысты, Лозов ауылдық округінің Екатеринославка ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. "Успен ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Ауылдық округінің әкімі Б. Баймолдинов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Успен ауданының ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекесі
      басшысының міндетін атқарушысы
      2016 жылғы "25" наурыз Е. Бекжанов
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Успен
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы
      2016 жылғы "25" наурыз Б. Ағатанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады