Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің "Мәмбетов және К" Коммандиттік серіктестігінде шектеу іс-шараларын енгiзуге байланысты ветеринариялық режимді белгiлеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі N 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде N 3724 тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 07 шілдедегі N 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 07.07.2016 N 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Мамлют ауданының мемлекеттiк бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 13-11/51 ұсынысы негiзiнде Новомихайлов ауылдық округiнiң әкiмi ШЕШТI:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің Меңкесер ауылында орналасқан "Мәмбетов және К" Коммандиттік серіктестігі аумағында жылқы ринопневмониясы ауруының айқындалуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізумен ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Мамлют ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) айқындалған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитарлық сәттілікке қол жеткізу үшін қажет ветеринариялық-санитарлық iс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4.Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 26 ақпанда пайда болған қатынастарға таралады.
      Ауылдық округтiң әкiмi Б.Уәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады