Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағынан карантин алу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 286 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 маусымда № 4459 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 1354 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағында ірі мүйізді малынан қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин алынып тасталсын.
      2. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1230 "Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3774 тіркелген, 2015 жылы 5 ақпанда "Бөрлі жаршысы- Бурлинские вести" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А. Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Каналинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Тусупкалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады